АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде атыс болып, кемінде екі адам қаза тапты, тағы сегіз адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
BBC мәліметінше, оқиға емтихан өтіп жатқан уақытта университеттің инженерия және физика факультеттері орналасқан ғимаратта болған. Сол сәтте аудиторияларда студенттер мен оқытушылар болған. Куәгерлердің айтуынша, атыс басталған соң кампуста дүрбелең туындап, полиция арнайы операция жүргізген.
Полиция атысты ашқан күдіктіні іздестіріп жатыр, ол қара түсті киім киген ер адам. Университет студенттерінің бірі жергілікті басылымдарға шамамен екі сағат бойы партаның астында жасырынып отырғанын айтқан.
Оқиға туралы АҚШ-тың президенті Дональд Трамп та хабарланған. Ол бұл жағдайды трагедия деп атап, қаза тапқандардың жақындары мен зардап шеккендерге көңіл айтты. Тергеуге федералдық құрылымдар, соның ішінде ФТБ да тартылды.
Браун университеті — Лига плющына кіретін жекеменшік зерттеу университеті және АҚШ-тағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі саналады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.