homepage
Фото: gov.kz

Мәсімовтің мүлкі саудаға түсті

14.12.2025, 12:26

Электронды сауда алаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің зәулім үйіне тиесілі бірқатар мүлік сатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сауда-саттық 11 желтоқсанда өткен. Электронды аукцион аясында үш лот ұсынылып, жалпы саны тоғыз мүлік өткізілген. Ең жоғары сұранысқа ие лот — «Айбалта» атауымен тіркелген балта болды. Бастапқы бағасы 38 мың теңге болған бұл лот үшін жеті қатысушы бәсекеге түсіп, нәтижесінде ол 378 мың теңгеге сатылған.

Аталған балталардың бірінде сыйға тартушылардың есімдері мен естелік күн жазылған гравюра бар. Осыған байланысты бұл заттардың сыйлық ретінде берілгені болжанып отыр.

Сонымен қатар аукционда жеті дана естелік тиын да сатылды. Олардың жалпы құны 446 мың теңгені құрады. Сатылған барлық мүлік Кәрім Мәсімовтің зәулім үйіне тиесілі заттар тізіміне енген және қолданыстағы тәртіпке сәйкес саудаға шығарылған.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.