homepage
Фото: Reuters

Израиль әскері ХАМАС командирін өлтірді

14.12.2025, 11:24

Израильдің әуе соққысы нәтижесінде ХАМАС қозғалысының командирі Раед Саадтың қаза тапқаны хабарланды, деп жазады Juzmedia.kz.

Операция Газаның батыс бөлігінде жүргізілген. Алайда Израиль премьер-министрінің кеңсесі бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Израиль әскері Раед Саадты ХАМАС-тың «күшейту штабының» басшысы әрі 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың негізгі тұлғаларының бірі деп сипаттайды.

Әуе соққысы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам жараланған. Газа секторында Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін жариялағаннан бері 386 адам қаза тауып, 1 018 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.