Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушыға қатысты тергеуді аяқтады. Ол 130 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Антикорда өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров департамент басшысының коммерциялық ұйым директорының орынбасарынан жол бөлігін қайта қалпына келтіру бойынша кәсіпорынды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін бұрын келісілген 130 миллион теңгенің 8,5 миллион теңгесін пара ретінде алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
"Сот санкциясымен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген айыппен облыстық экология департаментінің басшысына, оның орынбасарына және екі кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - деді Биғайдаров.
Шенеуніктерге экологиялық салаға рұқсат беру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет жалпы сомасы 7,2 миллион теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Айыпталушылардың ісі сотқа жіберілді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.