Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпты деп танылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ?
“Болат Мажағұлов 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды”, - делінген қалалық мамандандырылған ауданаралық сот хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ол бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ айыптау орнында құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапин болды. Ол көмек көрсетті деп танылып3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы шенеунік пен мердігер өкілдерінің Есіл өзеніндегі Күн субұрқағын салу кезінде 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалмай, құрылыс барысында сапасыз материалдар пайдаланылғаны анықталды. Соның салдарынан субұрқақ апатты жағдайда, 2017 жылдан бері жұмыс істемейді.
Қаржы мониторингі агенттігі Мажағұловтың дүние-мүлкін: үш коммерциялық үйін, екі автотұрағын, елордадағы премиум-класс пәтерлерін тәркілеген.
Болат Мажағұлов 2010-2019 жылдар аралығында Астана қаласы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ол 2024 жылы қыркүйекте ұсталды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.