ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті “Дикий Арман” деген атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің қамауда отырған кезінде өзіне жарақат салғанын растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
АДВОКАТЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 20 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушының өз тамырын кескені туралы ақпарат пайда болған еді.
“Бүгін маған Жұмагелдиевке қатысты оқиға туралы инсайдерлік ақпарат келді. Оған нақты не болғаны әлі белгісіз, бірақ менің білуімше, оның жағдайы ауыр. Толық ақпарат алу үшін Бас прокурорға ресми түрде хабарлассам деп отырмын. Оған нақты не болған? Бір нәрсе болды ма? Әлде пышақ жарақатын алды ма? Оған не болып жатқанын білгіміз келеді”, - деді адвокаты Евгений Яворский.
ҚАЖД НЕ ДЕДІ?
ҚАЖД сотталушы өзіне жеңіл дене жарақатын салғанын, дегенмен, Арман Жұмагелдиевтің жағдайы ауыр деген ақпараттың шындыққа сай емес екенін мәлімдеді.
Тақырыпқа орай: Қаңтар оқиғасы бойынша сот үкімі шықты: «Дикий Арман» – 20 жыл, ҰҚК экс-қызметкері – 15 жыл
“Сотталугы өзіне жеңіл дене жарақатын салды. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық”, - делінген хабарламада.
Комитет сондай-ақ Жұмагелдиевтің ерекше бақылауда екенін, онымен мекеме психологтары жұмыс істеп жатқанын айтты.
Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.