homepage
Global Look Press

Қазақстанға 4,5 млн доллар жұмсаған: Ақ үй Байденнің командасын айыптады

06.02.2025, 09:53

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің әкімшілігі Қазақстанда жалған ақпаратпен күресті қаржыландырған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БАЙДЕН АҚШАНЫ ЫСЫРАП ЕТТІ ДЕП АЙЫПТАЛДЫ

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Ливиттің мәлімдеуінше, демократтар Солтүстік Каролина мен Калифорниядағы апат құрбандарына қаржы бермей, керісінше, салық төлеушілердің ақшасын Гватемаладағы жынысын ауыстырушыларға ысырап еткен.

«...мысалы, Гватемалада жынысын ауыстырушыларға 2 млн доллар, Мысырдағы туризмді қаржыландыруға 6 млн доллар, Ирактағы жаңа «Сезам көшесі» жаңа шоуына 20 млн доллар, Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге 4,5 млн доллар бөлген», - деді ол алдындағы парақты оқып.

Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпарат туралы айтып тұрғанын түсіндірмеді. Тек «америкалықтар ақшаларының “мұндай нәрселерге емес, игі істерге жұмсалғанын” қалайтынын айтты.

USAID УХАНЬДАҒЫ ЗЕРТХАНА МЕН ЛАҢКЕСТІК ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ БАРЛАРҒА АҚША БӨЛГЕН БЕ?

Бұған дейін Ақ үй АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігін (USAID) өкілетітігін асыра пайдаланып, ысырап жасады деп айыптаған болатын.

Атап айтқанда, USAID Перуде “трансгендер комикстерін”, Вьетнам үшін электромобильдерді, Гватемаладағы ЛГБТ белсенділерін және дамушы елдерді контрацептивпен қамтуды қаржыландырған.

Трамп әкімшілігі сонымен қатар агенттікті террористік топтармен және Ухань зертханасындағы зерттеулерге қатысы бар ұйымдарды қаржыландырды деп айыптады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.