homepage
Lada.kz

Тағы 4 адам қаза тапты: Маңғыстауда қайғылы жол апаты болды

09.02.2025, 10:06

Маңғыстау облысындағы Бейнеу-Сайөтес тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Полиция дерегінше, Toyota Camry мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

"Апат салдарынан жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry жүргізушісі дене жарақатымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, қазір оған медициналық көмек көрсетілуде. КамАЗ жүргізушісі жарақаты болмағандықтан медициналық көмекке мұқтаж болмады", - деп жазды Lada.kz.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз

 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.