Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің кінәсіз екенін мәлімдеп, аштық жариялағанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Мен аштық жарияладым, өйткені әу бастан өзімді кінәсіз деп санадым!”, – деп жазды ол.
Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Оған дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры қызметтерін атқарған.
2022 жылы ол “Қазақтуризм” ұлттық компаниясы мен Ұлттық музейге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша айыпталып, қамауға алынған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Ұлттық музейге бөлінген 221 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған. Мұхамедиұлы бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.
Қазіргі уақытта оның денсаулығы мен аштық жариялауына байланысты ресми мәліметтер жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.