Маңғыстау облысында заңгер мүгедектігі бар жас жігітті әлдекімдердің ұрлап әкетіп, зорлағанын хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНАН КҮШТЕП АЛЫП КЕТКЕН
Адвокат Ажар Әбділдің айтуынша, 2024 жылдың 27 желтоқсанында 18 жастағы мүгедек жігітті қаланың қақ ортасынан ақ джип мінгеен адамдар алып кеткен. Адвокат жас жігіттің сол кезде зорланғанын мәлімдеді.
Жәбірленушінің анасы полицияға арыз түсірген, бірақ әлі сараптамалар тағайындалмаған.
"Әлі күнге дейін қажет сараптамалар тағайындалмаған. Қала орталығынан ақ түсті джип қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл - факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын емес. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен... Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын", – деп жазды адвокат Facebook парақшасында.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Қорғаушы тарап бұл істі мұқият қарауды сұрайды, өйткені бақылау камераларындағы бейнежазбалар екі ай бойы сақталады және жігітті алып кеткен көліктің траекториясын да қадағалауға болады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
"Барлық қажет сараптама тағайындалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.