Сенат депутаты Марат Қожаев жол ережесін үнемі бұзатындарға салынатын айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
БІР ЖҮРГІЗУШІ БІР ЖЫЛДА 143 РЕТ ТӘРТІП БҰЗҒАН
Өткен жылы Алматыда жол ережесін бұзғандар саны 4 миллионнан асқан. Сенатор жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін қасақана елемейтінін, айыппұл арқылы ережені қайта бұзумен күрес мүмкін еместігін айтты.
“Мәселен, бір жүргізуші бір жылда 143 тәртіпбұзушылық жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам айыппұл төлеген. Алдын алу жұмысын күшейту үшін мұндай жүргізушілерді сынақты қайта тапсыруға жіберген, қажет болған жағдайда жүргізуші куәлігінен айырған жөн”, - деп атап өтті депутат.
Кейбір адамдар жеңілдіктерді теріс пайдаланып, айыппұлдарды болмашы шығын ретінде қабылдайды.
“Көліктердің беделді маркалары мен жоғары сұранысқа ие нөмірлеріне қарап, біз әдетте жол қозғалысы ережелерін елемей, қасақана төтенше жағдай туғызатын, жолдарда қауіпті маневр жасайтын және қауіпсіздік талаптарын өрескел елемейтін ауқатты отбасылардың жастары туралы айтып отырмыз”, - деді Марат Қожаев.
СЕНАТОР ҰСЫНЫСТАРЫ ҚАНДАЙ?
Премьер-министрге жолдаған сауалында сенатор мынадай шараларды ұсынды:
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.