Алматыда немере ағасынан зорлық көрген баланың әпкесі жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Ол зорлықшының бірнеше жыл бойы інісін зорлап, ешкімге айтпа деп -жақты қорқытып келгенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОТБАСЫНЫҢ ҮЛКЕНДЕРІ ХАБАРДАР БОЛҒАН
Жасөспірімнің әпкесі оқиғадан інісі екеуіне қараған қамқоршы отбасының хабардар болғанын айтады.
“Ол інімді үш жыл бойы қорлап-зорлап келген, егер біреу-мәреуге айтса, мені де, оны тірідей көметінін айтқан. Ол біздің әпкемізге бірнеше рет тиіскен екен, бірақ әпкем интернатқа кетіп қалғандықтан, аман қалған”, - дейді бойжеткен Еуразия бірінші арнасына берген сұхбатында.
Белгілі болғандай, 2020 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін екі қыз бала мен олардың інісі туысының, яғни әкелерінің бауырының қамқорлығына берілді. Осы отбасында жүргенде ұл баланы немере ағасы зорлап келген. Қыз баланың айтуынша, үлкендер не болып жатқанын білген, бірақ араласпаған. Ол зорлық-зомбылық дерегі бұл отбасына келгеннен кейін бір жыл өткен соң, інісі небәрі 11 жаста болғанда басталған.
“Бір күні кезекті зорлықтан соң інім сол бөлмеден шығып келе жатып, үйдің үлкендерін көреді де, бар жағдайды айтып береді. Бірақ олар көмектесудің орнына, өзін ұрып-соғып, еш дәлелі жоқ екенін айтқан”, - дейді жасөспірімнің әпкесі.
ПОЛИЦИЯ АРЫЗДЫ ТІРКЕМЕЙ ҚОЙҒАН
Осыдан кейін қамқоршы тарап баланың диктофонсыз үйден шығуына рұқсат бермеген. Жасөспірім қайтып келгенде көшедегі әңгімелерін бақылап, жазбаларды тыңдаған. 17 ақпанда бала мен оның әпкесі полицияға барған, бірақ зорлықшы жыныс мүшесін баланың аузына тыққандықтан, дәлелдердің жоқтығынан арыз тіркелмеген.
Қылмыстық іс 19 ақпанда адвокаттардың араласуынан кейін ғана ашылды. Зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған немере ағасы қазір қамауда отыр.
Айта кетсек, бұған дейін адвокат Айман Омарова аталған жантүршігерлік оқиға туралы хабарлаған болатын. Жасөспірім өзін туысы бірнеше жыл бойы зорлап келгенін айтқан.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.