Алматыда онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы ала алмаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қалалық прокуратура хабарлауынша, мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастарды олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірибесінің жолы кесілді.
Яғни, онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
«Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді», - делінген Алматы қалалық прокуратурасының хабарламасында.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.