homepage
Informburo.kz

Ерекше білім беру қажеттілігі: балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызы

17.02.2025, 15:19

Шығармашылық – балаларға жаңа мүмкіндіктерді ашуға, өз бетінше жұмыс жүргізуге, өте жоғары психикалық белсенділікке алып келеді. Шығармашылыққа деген сұраныс әрдайым кез келген бағытта дамиды. Атап айтқанда, ғылыми көркем, кәсіби-техникалық және тағы да басқалары.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту-заманауи педагогиканың өзекті мәселесі, оның жауабы белсенді шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үшін ерекше мәнге ие. Шығармашылық қабілет, өз бетінше жұмыс істеуге жұмыс істеуге іскерлігі мен дағдылары өздігінен қалыптаспайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртұрлі тапсырмаларды орында қалыптастырылады. Балалар шығармашылығының маңыздылығы жайында көрнекті ойшылдар әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, Мәшһүр Көпейұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы және көптеген басқа да еңбектерде қамтылған.

«Шығармашылық» сөзіне әр алуан анықтамалар беріледі. Мысалы, С.И. Ожеговтың пікірінше: «Шығармашылық – жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі», - деп анықтама берген.

Ал, С.Л. Рубинштейн «...Шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет алады», - деп көрсеткен. Б.Д. Эльконин болса «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады» деп тиянақтаған.

Білім беру жүйесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шетел зерттеуші-педагогтары Ю.К. Бабанский, В.С. Ильин, В.В. Давыдов, Л.С. Выготский, А.В. Занков, Л.Н. Леонтьев, Н.С. Лейтес, Г.С. Альтшуллер, Б.М. Теплов, А.Г. Ананьев, сонымен бірге, қазақстандық көрнекті ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев, Т.Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырған.

Б.А. Тұрғанбаев: «Оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі», - деп көрсетіп, оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы дамитындығын баса айтқан. Ғылымның пікірінше, ойлауға үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары деп танылады.

Қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа ақпаратты қабылдау және тану танымдық жағынан жүзеге асырылады. Қабілет тек адам баласына ғана тән қасиет. Қасиет еңбектің жемісі. Сурет салу, құрастыру болмаса басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүлде басқаша көрінеді. Қабілет үдерісі аналитика-синтетикалық бағытта болады. Қасиет бейнесі әртүрлі элементтерді біріктіру арқылы оны жан-жақты саралау негізінде болады. Бейнені ақиқатқа айналдыру үшін тек қана көру емес, айтылған сөзде де тірек болады.

Баланың бойында қабілет бір нәрсені анықтай алмайтын қиындықтар тәжірибесінен туындайды. Ғалым Л.С. Выготский айтқандай бұл екі үрдіс өзара тығыз байланысты. Баланың ойы алған әсерін көрсетеді, қиял оны толықтырады, ойлаған тапсырманы шешуге бағыттайды, және жүзеге асырады. Балалардағы зияткерлік мәселелерді шешу шығармашылық үдеріс болып табылады. Сонымен бірге қиял таным шекарасын ерекше ұлғайтып балаға өмірде көп кездеспейтін оқиғаларға қатысуға мүмкіндік береді. Ендеше бала қиялындағы ерекшелік шындықпен жанасып нені болатынын немесе болмайтынын түсіну керек. Шығармашылық балалардың көрген нәрседен алған әсерлерімен тығыз байланысты. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балада қиялдың әдіс-тәсілдері шыңдалады. Өмірде алған тәжірибесі әсері мен білімі, көрінісі, бұрынырақ көргендерімен ұштастыру негізінде қиял туындайды. Яғни адам қолымен жасалған дүние және бізді қоршаған орта шығармашылық қиялдың негізі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі дамуы тежелген балалардың шығармашылық дамуында да тежелу байқалады. Дефектолог аталған психикалық қабілеттің тежелуінде жүргізілетін түзетулері дұрыс нәтиже беруі үшін нақты мақсатқа бағытталған және екі кезеңнен тұратын жұмыс жасауы қажет. Бірінші кезеңде ойда шығармашылық қызмет қалыптастырады. Нәтижеге жету үшін белсенділігі төмен, дамуы бұзылған балалармен жұмыс барысында дамыту әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Көркем шығармашылық қызметте нәтижеге жету барысында эстетикалық қимыл-қозғалыстардың маңызы зор. Бұл сүрет қағаздан жасалған бұйымдар, ағаштан жасалған дүниелер болуы мүмкін.

Балаларға берілген тапсырмалар тек қызықты ғана емес, баланың жас ерекшелігіне де сәйкес болуы қажет. Бала өз туындысынан жақсы нәтиже көруі қажет. Бала өз-өзіне деген сенімсіздікті, қорқынышты жеңген кезде ғана нәтижеге қол жеткізеді. Отбасы мүшелері балаға жаңа тапсырма, жаңа қызмет орындауға көмектескені абзал.

Педагогтің көмегі арқылы баланың өзіне деген сенімі, мүмкіндігі және күші артады. Жетістікке жетуге көрсетілетін көмек ашық және жасырын түрде көрсетіледі. Мысалға, ашық көмекте шығармашылық жұмыстың құрылымы туралы айтылуы мүмкін. «Мына жұмысты бірге жасайық», «егер қолыңнан келмесе, тағы да көреміз» жасырын көмек осы негізде жүзеге асады. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану маңызды. Олар баланың қиялын дамытады. Сезім – баланың эмоционалды қасиеттерін жетілдіреді. Балалардың осындай қасиеттерін ашып дамытатын эстетикалық ойындар керек. Баланың даму мүмкіндіктеріндегі қиындықты жеңу өз ойын айту секілді қабілеттерін шығармашылық жұмыс арқылы қанағаттандыру қажет. Шығармашылық баланың айналасын, ғылым мен өнерді сезу мүшелерін дамытып тұлғалық қасиеттері берілген хабарды қабылдауын жақсартады.

Шығармашылық жұмыстың негізгі мақсаты: балалардың сезімдік-эмоциянальдық ортасы мен эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.

Шығармашылық білім саласының мазмұны:

  • сурет салу;
  • мүсіндеу;
  • жапсыру;
  • әуен.

Балалардың қызығушылығын оятатын, қызықтыратын сабақ, балаларға қарапайым тілде ұғындырылса, және де әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдерді байланыстыра отырып, жұмыс жүргізілетін болса, олардың білім алуға деген қызығушылығы артады.

Педагогикалық ұжымның ізденімпаздығы балалармен өткізген шығармашылық жұмыс барысында көрінбесе де, алайда келешекте баланың қажеттілігіне жарайды.

Шығармашылық жұмыстың ішінде бейнелеу өнерінің алар орны ерекше. Оған кескіндеме мүсін, графика жатады. Сонымен бірге бейнелеу құралдарының көмегімен әр алуан заттардың айқын бейнесін жасау кезіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру іске асады.

Зерттеу еңбектері бойынша, бала тез заттық әрекеттерді игереді, ал баламен жеке жұмыс жүргізсе, ол қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Сурет арқылы балалардың ұсақ қол моторикасы дамиды, қолды қаламсап ұстап жазуға даярлайды, және де түзету жұмыстары да жүргізіледі. Мәселен, бала тұйық болса, мінезі өзгереді. Бала сабырлыққа дағдыланады. Осы тұста халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, боямақ дәптерлерді пайдалансақ болады. Немесе суреттерін салу да ерекше орын алады. Оны пайдалану ережелерінде ұғындырсақ болады. Мәселен, баланы қылқаламмен таныстырғанда және оны қолдану ережелерімен таныстырғанда Патша-қылқалам ертегісін пайдалануға болады. И.П. Павлов айтқандай, қол басын үйретеді, сосын ақылға толған басы қолын үйретеді, ал шеңбер қол миды дамытады. Баланы қандайда бір жұмыс әдісіне баулу үшін педагог-психолог және дефектолог үлкен шыдамдылықпен еңбектің әр үлкенді кішілі үдерістері мен жұмыс жасауы қажет. Қиындық балаларды қорқытпауы керек, керісінше, өз-өзіне сенімділігін арттырып өз бетімен жұмыс істеуіне баулуып қажет. Шығармашылық еңбекке баулу сабақ уақытында тәжірибелік тұрғыда ал сабақтан тыс уақытта білімге, өмірге қажетті білік дағдыларына тәрбиеленеді.

Жұпар Балажанова,

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасының

аға оқытушысы

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.