homepage
Фото: instagram/01pk

Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры таратылады - Әділет министрлігі

26.02.2025, 11:52

Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылып жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінен хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҚМА ҚОРДЫ МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТУ ТУРАЛЫ ТАЛАП-АРЫЗ БЕРГЕН

14 ақпанда Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қорының мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілген.  

Әділет министрлігінен хабарлағандай, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың қазан айында құрылған. Қор қызметінен заңбұзушылықтар анықталған соң, ведомство заңгерлері қауымдастықты мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгінген.

«Сотқа шағым беру негіз болған себеп - «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің тіркеуін жою туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өтініші. Қор құрылуы кезінде жіберілген, түзетілмейтін сипаттағы заңбұзушылықтар, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз бола алады», -   - делінген хабарламада.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. ҚМА хабарлағандай, Перизат Қайрат жақын достары мен туыстарын өз ісіне тартып, олар 8% ақыға қордың ақшасын аударып беріп отырған. Ол тергеуге дейін қамауға алынды.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың анасы да тергеу ісіне тартылды. Ғайни Алашбаева алаяқтық пен ақшаны жылыстатуға қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оған қатысты ешқандай бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ, оның іс-әрекетінің соңғы санаты анықталмаған.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қылмыстық іс заттай дәлелдемелерді есептемегенде 100-ден астам томды қамтиды.

Сонымен қатар Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелгені белгілі болды. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.