Екі бірдей адамды өлтірді деп айыпталған ер адам Бішкекте қолға түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен хабарлағандай, Бішкек қаласында Интерпол арқылы іздеуде жүрген, Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған азаматы А.Р.А. ұсталды.
Ұсталған адамға аса ауыр қылмыс (екі адамды өлтіру) жасады деген айып тағылып отыр.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, іздеуде жүрген А.Р.А. 2018 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Балқаш қаласында ерлі-зайыптылар 1984 жылы туған Х.А.С.-ны және 1973 жылы туған Х.К.М.-ны өлтірген», - делінген хабарламада.
Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында күдікті 2018 жылдың аяғында Шу облысындағы Токмок қаласының ауданында Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.
2025 жылдың 24 ақпанында күдікті ұсталып, Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.