homepage
Demid Druz / pexels.com

Бала зорлаған: Жетісу облысында экс-депутат өмір бойына сотталды

28.02.2025, 12:33

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бала зорлады деп айыпталған аудандық мәслихаттың бұрынғы депутатына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айыпталушыға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қаралды. Істің мән-жайын жария етуге рұқсат етпейтін заң талаптарына сәйкес сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.

«Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тергеу хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді», - деп хабарлады Жетісу облыстық ҚІМС баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің өкілі сотталушыдан моральдық шығынды өтеу ретінде 100 миллион теңге өндіру туралы азаматтық талап арызбен жүгінді.

Айта кетсек, өткен жылдың тамызында баланың зорланғаны туралы полицияға анасы хабарлаған. Сотталушы - Ақсу ауданы әкімінің аппарат басшысы, мемлекеттік қызметшілердің этикасына жауапты уәкіл қызметін атқарған. Өткен көктемде ол Ақсу аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. AMANAT партиясының облыстық филиалы оның бұл оқиғаға дейін, 2024 жылдың 1 тамызында, өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш бергенін мәлімдеген.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.