homepage
herohousingfinance.com

Қазақстандықтар баспанасын табиғи апаттан сақтандыруға міндеттеледі

02.03.2025, 10:36

Қазақстанда табиғи апаттардан мүлікті сақтандыру ережесі енгізіліп жатыр. Билік тарапынан түпкі шешім қабылданып, қазақстандықтарды табиғи апаттардың жойқын зардаптарынан қорғау жолы анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АҚША ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

LS жазуынша, үйлерді жер сілкінісінен, су тасқынынан, су басудан және орман өртінен қорғау шаралары табиғи апаттар жиі болатын аймақтарда қамтылатын болады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақшаның қалай төленетінін айтып берді.

«Қиын ештеңесі жоқ: егер тұрғын үй бүлінсе, мемлекет ұзаққа созылатын сарапмасаыз және бюрократиясыз белгіленген соманы төлейді. Тұрғындарға келген шығынның қаншалықты ауыр екенін дәлелдеудің қажеті жоқ – үй бүлінсе, демек, өтемақы төленуі тиіс», - деп атап өтті ведомство.

БҰЛ САҚТАНДЫРУ ТҮРІ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕДІ?

Аталған сақтандыру қашан күшіне енеді деген сұраққа агенттік қазіргі уақытта заң бойынша жұмыс жүріп жатыр деп жауап берді: болжамды тәуекелдер талданып, ұсақ-түйек тұстары талқыланып жатыр. Алайда бұл сақтандыру түрі міндетті болатындықтан, қазақстандықтар бұл шығынды отбасылық бюджетке енгізуі тиіс.

«Төлемдер өзара көмек қағидаты бойынша барлық сақтандырылған тұлғалардың жарналары есебінен қалыптасады. Бұл өзара көмек қоры сияқты: ақша бүгін бір зардап шегушіге, ертең екіншісіне түседі. Сонымен бірге қазіргі кезде апаттық облигациялар – ауқымды апаттар болған жағдайда қосымша қаржыландыруды тартуға болатын тетіктер талқылап жатыр», - деп түсіндірді агенттік.

Заңның нақты қашан қабылданатыны әзірге белгісіз, бірақ бір нәрсе анық: көп ұзамай сақтандырусыз өмір сүру болмайды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.