Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.
Ұлттық статистика бюросынан хабарлағандай, елімізде 1 472 адам Наурыз есімін иеленген.
НАУРЫЗДАР ҚАЙ ӨҢІРДЕ КӨП ТҰРАДЫ?
Наурыз есімі ең көп таралған өңір – Маңғыстау облысы (282 адам). Одан кейін Түркістан облысы (172 адам) мен Қызылорда облысы (165 адам) орналасқан.
Мегаполистер арасында Наурыз есімді азаматтар ең көп тұратын қала – Шымкент (83 адам). Одан кейін Астана (62) мен Алматы (42) тұр.
Кейбір өңірде бұл есім сирек кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 7 адам, ал Жетісу және Абай облыстарында 15 Наурыздан ғана бар.
ЕҢ ҮЛКЕН НАУРЫЗДЫҢ ЖАСЫ ҚАНШАДА?
Қазақтанда жасы ең үлкен Наурыз есімді азамат 84 жаста. Ал 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген.
Қазақстанда Наурыз есімі әртүрлі жұрнақтармен кездеседі: Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан, Наурызгүл, Наурызғали.
Сондай-ақ ерекше және күрделі есімдер де бар: Наурызсұлтан, Наурызмұрат, Наурыз-мейрам, Наурызкерей, Наурызқожа, Наурызгүлден, Наурызбай-бек-әділет, Наурызберген, Әбдінаурыз, Наурызқаныым, Береке-Наурызбай, Наурызғалий, Наурызбийке, Наурыза, Наурызкелді, Гүлнаурыз.
Қазақстанда 30 жылда 1 мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.