Композитор, зерттеуші Илья Жақанов Juzmedia-ға берген сұқбатында қазіргі қазақ эстрадасының жағдайын өткір сынға алды. Ол қазақ музыкасының болмысын сақтап қалу қажет екенін, алайда“еліктеу” мен жеңіл әндердің ұлттық мұраға келтіретінін зардабын айтып өтті.
“Қазақтың болмысында эстрада деген жоқ. Қазақтың болмысында “Жайдарман”, “Маусымжан”, “Қамажай”, “Ойкөк” сияқты әндер болған, олар қазақтың даласында, ерке сезіммен туған жаймашуақ, жарқын әндер еді. Эстрада деп айтуға болмайды. Қазіргі эстрада жасаушылар – сол қазақтың ұлттық мәдениетін түсінбей, еліктеу арқылы жасаушылар. Олар қазақтың түпнұсқа болмысынан алыстап, болымсыз, бір күндік әндер шығарып жатыр. Сол әндерді тыңдағанда, мен екі рет сұхбат бердім”, – деп ашына сөйледі Илья Жақанов.
Қазақтың ұлы композиторларының туындыларының бағасын түсіру, олардың жарқын шығармаларын ұмыт қалдыру мәселесі Жақановты қатты алаңдататынын жасырмады. Ол Мұқан Төлебаевтың “Кестелі орамал”, Евгений Брусиловскийдің “Қазақ вальсі”, Сыдық Мұхамеджановтың “Тербеледі дала” сияқты шығармаларының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы керек екенін айтты.
Тақырыпқа орай: "Балқадиша" – қазақтың салтын масқаралау үшін қайта жазылды – Илья Жақанов
“Кешегі ұлы әншілердің көзін көрген, солардың сарқытын ішкен мен қазір 90-ға келдім. Менің көзім кеткен соң, жастарымыз Хамидидің “Бұлбұ”л» әнін, Сыдық Мұхамеджановтың “Тербеледі даласын” жалғастырмайды. Жастар бүгінгі болымсыз әндерге еліктесе, ұлттық болмысымыздың тамыры үзіледі”, – деді Илья Жақанов.
Жақанов ұлттық музыка мен өнердің қадірін түсініп, оны сақтап қалудың маңызын тағы да еске салды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.