Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты қалалық әкімдіктің талап арызын қанағаттандырып, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі бірқатар су жабдықтау және су бұру нысандарын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.
Сот тыңдалымы барысында стратегиялық маңызы бар нысанның жекешелендірілуі кезінде бірқатар заңбұзушылықтар орын алғаны анықталды.
Атап айтқанда:
Сот шешіміне сәйкес, Ақбай-Қарасу, Бадам-Сайрам, Қызылсай және Тассай су жинау нысандары мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «Уникансервис» (тазарту құрылғыларының иесі) және «ТрансВиК» құрамына кіретін автокөлік цехына қатысты келісімдер де заңсыз деп танылды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметінде анықталған заңбұзушылықтар:
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, мемлекет меншігіне қайтарылған нысандарда кешенді тексеру жүргізіліп, жаңғырту бағдарламасы әзірленетін болады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.