homepage
Фото: freepik.com

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

09.04.2025, 12:35

2024 жылы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы жұбайының үйіне баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, оның өміріне қауіп төндірген. Агрессияның себебі – әйелінің балаларына жолықтыруға рұқсат бермегені болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам бұрын сотталған. Олардың некесі оның құмар ойынға әуестігі салдарынан бұзылған.

Туыстары мен полицияның талаптарына құлақ аспаған ол әйелді үйдің ауласында тұрған көлікке отырғызып, оны айдап Шымкент қаласына қарай жасырынған.

Осы күні арнайы операция нәтижесінде Шымкентте күдікті ұсталып, кепілдегі әйел аман-есен босатылды.

Сот үкімі бойынша, ер адамның бұрынғы (3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу) жазасы ішінара қосылып, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.