Қайғылы оқиға 30 сәуір күні кешке Чагано-Набережная көшесіндегі №82 үйдің маңында болды. Куәгерлердің айтуы бойынша, баланың добы сымдарға ілініп қалып, ол оны алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Сол жерде оны тоқ соққан, деп хабарлайды Juzmedia.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
1 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі тоғыз жастағы баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында аппараттық тыныс алумен жатыр. Жағдайы ауыр. Денесінің 95%-ын күйік шалған, төртінші дәрежелі күйіктер бар», — деді басқармада.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның себептері анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.