homepage
Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

«Зардап шеккендер бар»: Таразда пойыз, автобус және жеңіл көлік соқтығысты

04.05.2025, 13:43

Бүгін, 4 мамырда, Тараз қаласындағы Асқаров көшесінде орналасқан теміржол өткелінде пойыз, автобус және жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша Тараз қаласындағы теміржол өткелінде «Донг-Фенг» маркалы автобус, «Mercedes-Benz» жеңіл автокөлігі және тауар тасымалдаушы пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, автобустың жүргізушісі мен жолаушылары дін аман, ешқандай дене жарақатын алмаған. Ал «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық тексерістен өтіп, үйлеріне қайтарылған.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, дәлелдемелер жиналуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаға байланысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір жол апатының нақты себептері анықталуда, тергеу амалдары жүргізілуде

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.