homepage
Видеодан алынған кадр

Шерзат Полаттың соты: әлеуметтік желіде сот процесінен таралған видеоға қатысты тексеріс басталды

05.05.2025, 07:23

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында TikTok желісінде жарияланған видео дау тудырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бейнежазбада айыпталушылардың сот залынан күліп шыққаны көрініп, қоғамда наразылық пайда болды. Сонымен қатар, 16 жастағы кәмелетке толмаған басты куәгердің бейнесі таралып кеткені белгілі болды.

Сот процесінен кейін түсірілген видео TikTok желісінде таралып, көпшілік тарапынан наразылық тудырды. Видеода айыпталушылардың сот залынан күліп шыққаны бейнеленген.

Сонымен қатар, тараптар TikTok-та 16 жастағы кәмелетке толмаған басты куәгердің бейнесі жарияланғанын да атап өтті. Бұл заң талаптарының өрескел бұзылуы саналады.

Куәгердің бейнесінің жариялануына байланысты айыпталушылардың туыстары адвокаттың мобилографын кінәлап отыр. Алайда мобилограф бұл айыптауды мойындамай, видеоны өзі түсірмегенін мәлімдеді. Ол өзінің адвокат Шекеев Ерманның мобилографы әрі көмекшісі екенін растады және алғашқы сот отырысынан бастап барлық ережелерді сақтап келе жатқанын айтты.

«Мен Шекеев Ермантың мобилографымын және көмекшісімін. Мен бірінші сот отырысынан бері қатысып келе жатырмын. Соттың ескертулерінің барлығын білемін. Айыпталып жатқан адамдардың түрін түсіруге болмайтынын да білемін. Ол видеоны мен түсірген жоқпын. Мен өз телефонымды тексеріске бере аламын. Таралған видео қолмен емес, штативпен түсірілген видео. Ол телефонмен түсірілетін жағдайда 16*9 деген форматта шығатын еді. Ол видео YouTube форматында шықты. Менің оған қатысым жоқ». – деді мобилограф сотта.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған куәгердің бейнесі жарияланғаны және бейнематериалдың кім тарапынан түсірілгені туралы сот тарапынан ресми тексеріс басталды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.