homepage
Фото: informburo.kz

LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ

13.05.2025, 10:03

 «Астана LRT» ісі бойынша халықаралық іздеуде болған Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Анталья қаласының соты оны Қазақстанға қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жолдаған болатын.

Осыған сәйкес, Түркия Республикасының құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізіп, биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның нақты жүрген жерін анықтады. Түркияның құқық қорғау органдары Талғат Арданды Анталья қаласында қолға түсірді.

2025 жылғы 9 мамырда Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанның құзыретті органдары оны елге қайтаруға байланысты құқықтық рәсімдерді бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету») және 361-бабы 4-бөлігі («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

 «Осы жылдың 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда», - делінген хабарламада.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.