homepage
Видеодан алынған кадр

Шымкентте тыл ардагері адам шошырлық жағдайда өмір сүрген

13.05.2025, 09:42

Шымкентте әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандары қараусыз қалған 90 жастағы тыл ардагеріне уақытылы көмек көрсетті. Егде жастағы кейуана бірнеше күн бойы өз үйінде жалғыз қалып, ауыр халге түскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz  Otyrar-ға сілтеме жасап.

Шымкент қаласында 1933 жылы туған, тыл ардагері Понамарева Мария Ивановна қараусыз қалғаны анықталды. Қаланың Аскаров көшесіндегі пәтерде жалғыз тұратын кейуананың жағдайы туралы тиісті органдарға хабар түскен.

Оқиға орнына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты әлеуметтік бейімдеу орталығының мобильді тобы жедел жетті. Пәтердің есігі ішінен жабық болғанымен, саңылау арқылы жерде жатқан әйел адам көзге түскен.

Көршілер бұл адамның Мария Ивановна екенін растады. Олардың айтуынша, бұған дейін оған әпкесі қарайласқан, алайда соңғы үш күнде әпкесі мүлде көрінбеген.

Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері, әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер шақырылды. Туыстарымен байланысу мүмкін болмағандықтан, көршілердің өтініші негізінде ТЖ қызметкерлері есікті ашты.

Әйел адамның жағдайы ауыр болған. Ол дереу әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді – тамақтандырылып, жуындырып, дәрігерлік бақылауға алынды.

Қазіргі таңда оның денсаулығы мамандардың жіті бақылауында. Аталған оқиға бойынша тиісті тексеру жүргізілуде.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.