Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сүйіктісімен кездесемін деп түрмеден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өскеменде электронды бақылаудағы сотталған адам сүйіктісімен кездесу үшін геоаймақтан екі рет шығып кеткен.
Пробация қызметкерлері қозғалыс орындарын – тұрғылықты орны мен жұмыс орнын алдын ала анықтады. Ер адам шектеуді қасақана бұзғаны анықталды.
Алғашқы жағдайдан кейін ол ескерту алды. Алайда, ескертуді екінші рет бұзғаны үшін сот электронды бақылауды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.