homepage
IHA/REUTERS

Түркия мектебіндегі қанды оқиға: құрбандар саны 10-ға жетті

16.04.2026, 17:43

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан көз жұмғандар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Haber Globa жазуынша, жарақат алған 11 жастағы Юсуф Тарық Гюль ауруханада көз жұмған.

Осылайша, құрбандар саны 10 адамға жеткен.

Бұған дейін түркиялық БАҚ 8 оқушы мен бір мұғалім қаза тапқанын хабарлаған болатын.  

Шабуыл жасаған – мектеп оқушысы

Алдын ала деректерге сәйкес, қарулы шабуылды аталған мектептің 8-сынып оқушысы жасаған. Ол мектепке қаруды сөмкесіне салып әкеліп, екі сыныпқа кіріп, бейбереке оқ жаудырған.

Қару оның бұрынғы полиция қызметкері болған әкесіне тиесілі екені айтылды. Оқиғадан кейін күдіктінің әкесі ұсталды.

Сондай-ақ шабуыл жасаған жасөспірімнің өзі де қаза тапқан. Алайда оның қалай көз жұмғаны әзірге нақты белгісіз. Кей деректе қауіпсіздік күштері залалсыздандырғаны айтылса, енді бірінде оның өзіне қол жұмсағаны хабарланған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.