homepage
Depositphotos.com

Made in KZ: 40 мың тауар «отандық өнім» мәртебесін алды

10.04.2026, 14:09

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Жобаның басты мақсаты – отандық кәсіпорындарды жүйелеу және олардың өніміне ресми түрде «Қазақстанда жасалған» мәртебесін беру, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бүгінгі таңда тізілімге 40 мыңнан астам тауар түрі енгізіліп, олардың отандық өнім екендігі ресми түрде расталды.

Статистика 

Мәліметтерге сәйкес, e-ondiris.gov.kz жүйесіне жалпы саны 26 257 өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта оның 22 мыңнан астамы қаралып, өңдеу жұмыстарының 80%-ы аяқталды.

Сараптама қорытындысы бойынша тізілімге 5 834 өндіруші енгізілді, оның ішінде:

  • 4 321 кәсіпорын – толық өндіріс циклін Қазақстан аумағында жүзеге асырады;
  • 1 513 компания – қайта өңделген өнімдерді шығарумен айналысады.

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру үшін бұл тізілім мемлекеттік сатып алу платформаларымен толық біріктірілген. Жыл басынан бергі көрсеткіштер:

  • «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында – 24 762 сатып алу;
  • «Самұрық-Қазына» жүйесінде – 2 646 сатып алу өткізілді.

Мыңнан астам компания неге тізімге өтпей қалды?

Тексеру жұмыстары өте қатаң жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Өндірістік қызметті бағалау барысында 1 053 компанияның өтінімі кері қайтарылды.

Оларды тізімге енгізбеуге негіз болған басты себептер:

  • Өндірістік талаптардың расталмауы немесе цифрлық тексерудің теріс нәтижелері;
  • Көшпелі тексерулер кезінде анықталған заңбұзушылықтар;
  • Өнім мен өндірістік қуат туралы деректердің сәйкес келмеуі;
  • Жалған немесе толық емес ақпарат ұсыну;
  • Бейнематериалдардың талапқа сай болмауы немесе қайталануы.

Айтат кетерлігі, тізілімді жетілдіру және деректердің шынайылығын арттыру жұмыстары жалғаса бермек. Мемлекеттік органдар жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беріп отыр.